Жиі қойылатын сұрақтар

Жауап:
Eco Baby көп реттік жөргектері – бір реттік жөргектердің қазіргі қаманғы баламасы немесе қосымшасы. Олар сапалы маталардан жасалған, олардың құрамында ешқандай химия мен абсорбциялайтын гель жоқ.
Eco Baby көп реттік жөргектерін 2 000 астам рет жууға болады, бұл ретте, оның қасиеттері мен сыртқы түрі сақталады.
Құрылым 3 қабаттан тұрады:
• Сыртқы, мембраналық қабат, ол ауаны ішке өткізеді (осылайша, жөргектегі бала ыстықтамайды), бірақ Сізді кенет ағудан сақтап тұрып, ылғалды сыртқа өткізбейді.
• Баланың терісімен тікелей жанасатын ішкі қабат (ұстағанда жұмсақ, аллергия мен тітіркендіруді тудырмайтын материалдардан жасалған).
• Орташа қабат – жақсы сіңіргіштікке ие ауыстырмалы көп реттік төсеніш.
Бұдан басқа, жөргекте оның көмегімен мөлшері 0-жастан 3-жасқа дейін реттелетін 15 ілмек және сәбидің денесіне тығыз жанасуды қамтамасыз ететін супер созылғыш резеңкелер бар.

Жауап:
Баладан шығатын сұйықтық жөргектің ішкі қабатынан өтіп, орта қабатқа/сіңіріп алатын төсенішке сіңіп, сонда қалады, ал ішкі қабат құрғақ болып қалады.
Ылғал жөргектің су өткізбейтін сыртқы қабатынан өтпейді. Осылайша, сіздің балдырғаныз химиямен жанаспай, өзін жайлы сезініп, құрғақ болады.

Жауап:
o Жөргектерді ең бірінші пайдаланудың алдында бір немесе бірнеше рет жуу керек. Бұл ретте, кір жуғыш ұнтақтың әдеттегі мөлшерінің жартысын қолданған жөн. 40С°-тан аспайтын температуда жуған жөн, себебі жоғары температура жұқа су өткізбейтін қабатты зақымдауы мүмкін және жөргек ылғалды өткізе бастауы мүмкін. Алғашқы жуулар жөргекте өндірістен кейін қалып қойған бөгде заттарды шығаруға көмектеседі, матаны жұмсартады және оның сіңіріп алатын қасиеттерін күшейтеді.
o Жуу үшін кәдімгі балалар ұнтағын немесе сұйық сабынды пайдалануға болады.
o Жөргектер маскималды сіңіргіштікке жуудың 3-4 кезеңінен кейін жетеді, сондықтан алғашқы кезде ылғал ағуы мүмкін, бірақ егер оларды толық кезеңде бірнеше рет бірден жуса, бұған жол бермеуге болады.

Жөргектерді табиғи жағдайларда кептірген жөн.
Жөргекті тезірек кептіру үшін оны ашық ауада іліп қоюға болады, жел өз жұмысын істеп, жөргекті әлдеқайда жылдам кептіреді.
Сондай-ақ жөргекті көлденең қойып қойса, ол шапшаң кебеді.

Біз жөргекті толуына байланысты ауыстыруды ұсынамыз.
Жөргекті ауыстырудың жиілілігі бөбектің жасына және физиологиясына, сондай-ақ дәретханаға қаншалықты жиі және көп баратынына байланысты.
Жалпы, жөргектер 1,5 – 2,5 сағатқа жетеді.
Біздің жөргектер абсорбциялайтын заттарсыз және химиясыз 100% матадан жасалған, сондықтан оны толған сәтте ауыстыру қажет.
Сіз тәжірибе жинағаннан кейін жөргекті қашан ауыстыру керек екенін түсінетін боласыз.
2 сіңіріп алатын төсенішті бір мезгілде қолдану пайдалану уақытын 4-5 сағатқа ұзартуы мүмкін.

Ағулардың бірнеше себептері болуымүмкін:
1. Егержаңа жөргекті жумаса немесе 1-2 рет қана жуса. Бұл жағдайда жөргектің төсеніші толығымен толтырылынбауы мүмкін, төсеніш құрғақ болып, сұйықтық ағуы мүмкін.
Осындай жағдайларда жөргектің және төсеніштердің материалдарын жұмсартып, оның сіңіріп алу қасиеттерін күшейту үшін жөргекті 3-4 рет жуған жөн.
2. Егер жөргектің мөлшері дұрыс таңдалмай, ол кішкене үлкендеу болып тұрса, бұл мәселені шешу үшін жөргектің мөлшерін дұрыс жөнге салу керек.
3. Егер жөргектің астына иісмай немесе сеппе қолданылған болса, бұл жағдайда оларды кәдімгі балалар ұнтағымен жуу немесе ХЛОРСЫЗ ағартқышқа салып қою қажет.
4. Егер жөргек ыстық батареяда кептірілсе немесе үтікпен үтіктелсе. Бұл жағдайда жөргекті алмастыру қажет, өйткені жоғары температураның әсерінен оның сыртқы қабаты зақымдалып, ол өзінің су өткізбейтін қасиеттерін жоғалтып алды және оларды қалпына келтіру мүмкін емес.

Многоразовые подгузники Eco Baby растут вместе с вашим малышом! Поэтому с размером ошибиться невозможно!

Они имеют универсальный размер – регулируются при помощи кнопок-застежек что позволяет пользоваться ими с рождения малыша.

Они подходят деткам с рождения до 3 лет (от 3 до 18 кг).

Размер подгузника регулируется при помощи специальных кнопок и эластичных резинок как по высоте, так и по ширине подгузника. Для начала необходимо отрегулировать размер по высоте, а затем по объему талии ребенка.

На начальном этапе жизни для полного перехода на многоразовые подгузники новорожденному малышу нужно около 10-12 комплектов подгузника.

Если вы хотите частично перейти на многоразовые подгузники, или хотите пользоваться ими только днем, а на ночь использовать одноразовый подгузник, то Вам необходимо примерно 5-7 комплектов подгузника.

Если же вы хотите использовать подгузник только на сон или прогулку, то Вам будет достаточно 3-4 штук.

В комплекте идут 2 шт вкладыша 3х и 4х слойные из микрофибры. При необходимости Вы можете докупить дополнительные многоразовые вкладыши и использовать подгузник повторно (не более 2 раз, если нет сильных загрязнений внутреннего слоя), меняя лишь вкладыш.

Купив один комплект подгузников Eco Baby, вы решите для себя одну из важных проблем детского возраста!

Көп реттік жөргектің басты элементі – ол төсеніш.
Төсеніш – тікбұрышты пішінді сіңіріп алатын салым, ол ылғалды сіңіріп алып, ұстап тұрады.
Eco Baby жөргектеріндегі төсеніштер табиғи бамбуктан, көмір бамбуктан, түкті бамбуктан, cotton бамбуктан, кенепшөптен немесе микрофибрадан тігілген. Олар 3, 4 және 5-қабатты болады. Олар жақсырақ жууылып, пайдаланғаннан кейін тезірек кебу үшін арнайы жеке бөлшек ретінде тігілген.
Eco Baby-дің әр төсеніші тамаша сіңіріп алатын қасиеттерге де, басқа да ерекшеліктерге де ие.
Микрофибрадан жасалған төсеніштер жылдамырақ кебеді, отырмайды және көп реттік қолдануға жарайды.
Бамбуктан және көмір-бамбуктан жасалған төсеніштер емдейтін қасиеттерге ие, және аллергиялық серпілісі бар балаларға ұсынылады. Кенепшөптен жасалған төсеніш қуатты абсорбент болып табылады және залалсыздандыратын қасиеттерге ие.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, әр Eco Baby төсенішінің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олардың барлығы ылғалды жақсы сіңіріп алады.
Біз төсеніштің бірнеше түрін бірден сатып алуды және жағдайға байланысты екеуін бір мезгілде қолдануды ұсынамыз.
Eco Baby жөргектерінің барлық жиынтықтары төсеніштерімен бірге сатылады, яғни, әдетте, оларды қосымша сатып алудың қажеті болмайды.
Екі төсеніш ұйқы мен серуенге арналған, біреуі күндізге арналған. Төсеніштердің оңтайлы саны: Әр жөргекке 1-2 дана.

Eco Baby көп реттік жөргектерінің барлығын, бамбук төсенішін есептемегенде (ол сұйықтыққа толған кезде ауыр болады), бассейнде шомылған кезде қолдануға болады.
Жөргекті бассейнде жүзген кезде сіңіріп алатын төсенішсіз пайдаланыңыз. Бассейнге арналған ешқандай трусиктер және жөргектер зәрдің өтуінен қорғамайтынын түсіну маңызды, олар үлкен дәретті ұстап тұруға арналған.

Eco Baby™ жөргектерінің үлгісі мен мөлшері бірдей, олар бөбектің құйрығымен тікелей жанасатын жөргектің ішкі қабатымен ажыратылады. Олар флис, бамбук және көмір бамбукты болады.
Біз көп реттік жөргектердің әр түрін пайдаланып көруді ұсынамыз.
Микрофлистан жасалған жөргектер басқалардан арзанырақ, бірақ олар өз міндеттерін тамаша орындайды.
Бамбуктан және көмір-бамбуктан жасалған жөргектер емдейтін қасиеттерге ие, және аллергиялық серпілісі бар балаларға ұсынылады.

Eco Baby™ жөргектері ауа өткізетін материалдардан жасалған, соның есебінен денеде тітіркенуге жол берілмей, жөргектің ішінде ауаның дұрыс айналымы жүзеге асады.
Оның үстіне, олардың құрамында бір реттік жөргектерде аллергияны жиі қоздыратын ешқандай химия мен абсорбциялайтын гельдер жоқ. Бұл ретте, бірқатар ережелерді сақтау өте маңызды.
Көп реттік жөргектерді пайдаланған кезде оларды сәбидің терісі зәрмен және үлкен дәретпен көп уақыт жанаспау үшін уақытылы ауыстыру өте маңызды (жөргекті әр 2-3 сағат сайын ауыстырыңыз).
Сонымен қатар, жөргекте жуудан кейін ұнтақ қалдықтарының қалуы тітіркенудің жиі себебі болып табылады, сондықтан біз оларды жақсылап шаюды ұсынамыз.
Осы ұсыныстарды орындасаңыз, Сіз баздану мен тітіркену деген не екенін ұмытатын боласыз.

Ауа өткізетін сыртқы қабаттың арқасында Eco Baby™ көп реттік жөргектері бір реттік жөргектеге қарағанда бүлдіршіндерді мүлдем ыстықтатпайды. Себебі біздің жөргектер ауа өткізеді және оның ішіндегі ауа біркелкі айналып тұрады.
Көп реттік жөргектерді қыста да, жазда да қолдануға болады.

Жіберілім

Ешбір зат табылмады. Конфигурацияны тексеріңіз!



Eco Baby - Балалар дүкендері

Біз әлеуметтік желілердеміз

Байланыс

Біздің мекенжайымыз:
location Казахстан, г.Алматы

Бізге қоңырау шалыңыз:
phone +7777 440 9866 +7707 500 1120

Email:
mail info@ecobaby.kz

Обратный звонок

Мы можем к Вам перезвонить! Отправьте нам свои данные.

--------------------------------------
Қоңырауға тапсырыс беру

Біз Сізге қайта қоңырау шала аламыз! Бізге нөміріңізді жіберііз.


×